22.10.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып апталығы аясында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай 1-сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалар Республика күнінің маңызымен танысып, Қазақстан туралы тақпақтар айтты. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін ортаға салып, «Мен Отанымды жақсы көремін, өйткені...» сөйлемін өз ойларымен жалғастырды.
Іс-шара оқушылардың туған жерге деген мақтаныш сезімін оятып, достық пен бірліктің маңызын түсінуге ықпал етті.
Сынып жетекшісі Тайбагарова З.К.