«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«М дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық сабақ

22.10.2026

Бүгін 22.10.2026ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  бастауыш сынып апталығы аясында  1-сыныпта әліппе пәнінен «М дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды «М» дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбысты сөз ішінен ажыратуға, буындар мен сөздерді оқуға және әріпті дұрыс жазуға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар суреттер бойынша сөздер құрап, «М» дыбысының сөздегі орнын анықтады. Буындарды қосып оқып, сөздерге дыбыстық талдау жасады. Ойын түріндегі тапсырмалар мен жұптық жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. «Менің Отаным» тақырыбында қысқаша әңгімелесу арқылы туған жерге, отбасына деген сүйіспеншілік құндылығы дәріптелді.
Ашық сабақ оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіруге, өз ойын еркін жеткізуіне және бір-бірін тыңдай білуіне ықпал етті.         

 

                                                                                                                                                                           

      Сынып жетекшісі  Тайбагарова З.К.

Просмотров: 49


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст